USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Солтүстікқазақстандық диқандар топырақты тыңайтудың тың тәсілін тапты

  • 197
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Солтүстікқазақстандық диқандар топырақты тыңайтудың тың тәсілін тапты

Солтүстікқазақстандық агрономдар жерді қара шірікпен байытып, қуаңшылық болса да мол өнім алды.

Биыл диқандар егістік алқаптың әр гектарынан 35 тоннадан картоп жинап жатыр. Табыстың сыры шаруа қожалығы жауын құртын өсіріп, табиғи таза тыңайтқыш алады. «Биогумус» көкөніс құрамының құнарын да едәуір арттырады.

Сергей Стрелец жауын құртын өсіріп, жерін жақсартты. Жәндіктер төрт түліктің тезегін қопсытып, табиғи тыңайтқыш – «биогумус» береді. Қарашірік картоп шығымдылығын арттырып, құрамын да құнарландырды.

Сергей Стрелец, агроном:

- Мына жерде май зауыты, үйрек шаруашылығы болған. Сондықтан жердің асты қиыршық тасқа толы. Ал картоп өседі. Бұл биогумустың арқасы.

Топырақты тыңайтудың тың тәсілі тиімділігін танытты. Агроном қуаңшылыққа қарамастан гектарынан 35 тонна картоп жинап жатыр. Бұл құртқа деген сұранысты арттырды. Қазір жәндіктерді жан-жақтан келіп, сатып алады.

Ақбөпе Қәбдуәлиева, Ақтөбе облысының тұрғыны:

- Ақтөбе облысының жерлерінің құнарлылығы әр ауданда әр түрлі. Мүмкін осы тәсілді пайдаланып, әрі қарай көкөніс өсіреміз. Мына құрттар қиды өңдеп қана шығармайды, оны құс, балық шаруашылығына да пайдалануға болады деп жатыр.

Бүгінде шаруа қожалығында 140 млн-дай құрт бар. Агрономның айтуынша, жұмыскер жәндіктердің жерге деген пайдасы орасан зор.

Сергей Стрелец, агроном:

- Бұл құрттар радиацияны жояды. Биыл Семей қаласына 500 мың теңгеге жәндік жібердік.

Агрономның арманы асқақ. Енді ол зауыт салып, сұйық биотыңайтқыш өндіруді көздеп отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top