USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Алматы облысында тұмауға қарсы егу шаралары қызу жүргізіліп жатыр

  • 107
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматы облысында тұмауға қарсы егу шаралары қызу жүргізіліп жатыр

Жетісу жерінде жыл сайын 55 мың адам осы жұқпалы ауруға шалдығады екен.

Ағымдағы жылы тұрғындарға екпе жасау мақсатында облыс бюджетінен 300 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы өңір халқының тек 15%-ының, яғни 300 мың адамның ғана иммунитетін оңалтуға жетеді. Медицина қызметкерлері тұмаудың алдын алуға тұрғындардың белсенді қатысуы үшін екпенің артықшылықтарын көрсетіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ерғали Сыдыманов, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің басшысы:

- Алматы облысы тұрғындарын егуге келетін болсақ, биыл бұл көрсеткіш 15%-ға жетіп отыр. Жылдың соңына дейін көрсеткішіміз әлі де көбейеді деп ойлаймын. Ең бірінші біздер жиі ауыратын балаларды, одан кейін қарттар үйін, 10 мыңдай екіқабат әйелдерді тұмауға қарсы егеміз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top