USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



А.Шәріпбай: Латын әліпбиі – білім-ғылымның һәм IT технологияның тілі

  • 223
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
А.Шәріпбай: Латын әліпбиі – білім-ғылымның һәм IT технологияның тілі

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесін халықаралық деңгейге көтереді.

Сонымен қатар ғылым мен технологияның дамуын жеделдетеді. Қоғам болып талқылап жатқан мәселеге техника ғылымдарының докторы Алтынбек Шәріпбай осылай деп үн қатты. Ғалымның айтуынша, латын қарпі – білім-ғылымның һәм IT технологияның тілі. Түптеп келгенде өркениетке жол ашады. Тек кезең-кезең бойынша талап-ережелер сақтала отырып, сауатты көшірілуі тиіс.

Алтынбек Шәріпбай, техника ғылымдарының докторы: 

- Латын әліпбиіне көшу үшін, біріншіден, дыбыстық жүйесін реттеп алу керек. Екіншіден, сол дыбыстарды халықаралық фонетикалық таңбамен белгілеу керек. Сол әліпбиге сәйкес латын әріптерін таңдау керек. Жаңа әліпби бойынша орфографиялық сөздік жасалуы керек. Сөздік жасалғаннан кейін кириллицаны латын әріптеріне ауыстыратын конвертер жасалуы керек. Ол конвертер халықаралық стандарттан өтуі керек. Содан кейін ғана кімнің жобасы конкурстан өтеді сол қабылдануы керек.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top