USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Мұғалімге ата-ана берген сыйлық бағасы қандай сомадан асқанда іс қозғалатыны анықталды

Мұғалімге ата-ана берген сыйлық бағасы қандай сомадан асқанда іс қозғалатыны анықталды

Мектеп мұғалімдеріне ата-аналар берген сыйлық 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалында өткен брифингте айтылды.

Мектептің жөндеу жұмыстарына, тазалыққа қажетті заттар мен канцелярлық тауарларға, кітап құралдарына мемлекет тарапынан тиісті қаражат қарастырылған. Сондықтан ата-аналардан ақша жинауға ешқандай негіз жоқ. Мамандар осылай деді. Сондай-ақ оқушыларды қаладағы мәдени шараларға мәжбүрлеп апаруға да тыйым салынған. Ал мектепте ақша жинаудың басты құралына айналған ата-аналар комитетінің міндеті қазір қайта қаралып жатыр.

Білім басқармасының мәліметінше, өткен жылдармен салыстырғанда саладағы жемқорлық 2-3 есеге азайған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюрода биыл мектептегі парақорлыққа қатысты 1 ғана дерек тіркеліпті.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Мектеп қабырғасында қаржы жинау мәселесі қатаң тыйым салынған. Сондықтан біз ата-аналарға, ұстаздар қауымына арналған ақша жинауға тыйым салу туралы хат ата-аналарға көрсетілген жерде қабырғада ілулі тұр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде