USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Елімізде алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру операциясы жасалды

  • 277
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елімізде алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру операциясы жасалды elorda.info

Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында елімізде алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Оны Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли және ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ён жасады. Осылайша біздің дәрігерлерге қан топтары үйлеспейтін кезде тірі туыс донордан бауыр транспланттау технологияларын меңгеруді үйретпек, деп жазады elorda.info.

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының хиругия бойынша бас кеңесшісі Тоқан Сұлтанәлиевтің айтуынша, операция жасалған науқас бауыр циррозына шалдыққан 55-56 жастағы адам. Оның қан тобы бірінші топ болса, донордың қан тобы екінші топ. Жалпы әлемдік тәжірбиеде мұндай операция жеті жылдан бері жасалып келеді екен.

Кванг Вунг Ли, Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры:

- Осы операцияны жасау үшін 2,5 жылдан бері келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде бүгін арнайы шақыртумен Қазақстанға келіп, шеберлік сынып көрсетіп жатырмыз. Қазақстан жоғары медициналық қызмет көрсету жағынан халықаралық талаптарға сай. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта мұндай күрделі операцияларды отандық мамандар да жасай алатын болады.

Мәйіт донорлығы дамымаған Қазақстан үшін мұндай технологияларды меңгеру аса маңызды. Елімізде 2,5 мыңнан астам адам бауыр алмастыруға, 3 мыңнан астам науқас бүйрек ауыстыруға кезекте тұр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top