USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Еліміздің жылжымайтын мүлік мәселесі халықаралық деңгейде талқыланбақ

Еліміздің жылжымайтын мүлік мәселесі халықаралық деңгейде талқыланбақ

Еліміздің жылжымайтын мүлік мәселесі әлемдік деңгейде талқыланатын болды.

Осыған орай 19-20 қазанда елордада ортаазиялық форум өткізілмек. Оған Қытай, Сингапур, Ұлыбритания, Канада елдерінен құрылыс саласының майталмандары келеді. Сарапшылар коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының аяқ алысын саралап, ондағы көкейкесті мәселелерді талқыға салатын болады. Сондай-ақ елімізде өткен ЭКСПО, Универсиада сияқты ауқымды жобалардан қалған ғимараттардың тағдыры да осы шара барысында шешілмек.

Бақтыбай Тайталиев қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

– Соңғы 5-6 жыл ішінде біздің құрылыс көлеміміз Астанадағы 300 мың қалаға теңесті. Біздің болжамымыз қала құрылысшыларының 2030 жылға дейін халықтың санын миллион 220 мыңға жеткізіп, әр адамға тұрғын үй көлемін 30 шаршы метр көрсеткішке жеткізбекпіз, сондықтан бізде 37 млн шаршы метр болмақшы.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде