USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Зардап шеккендерге «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қолдау көрсетеді

  • 68
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Зардап шеккендерге «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қолдау көрсетеді Фото: Kapital.kz

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинатында газ жарылып, алты адам зардап шекті.

Тосын жағдайды сарапқа салған мамандар жарылысқа апат емес, қайғылы оқиға деген анықтама берді. Оқыс жайдайға орай облыстық әкімшілікте өткен брифингке комбинат өкілдері мен жергілікті индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері қатысты.

Зардап шеккен алты жұмысшы газ құбырына бітеуіш орнату үшін арнайы аппарат киіп барған. Сонымен қатар жұмысты орындау барысында компанияның жедел жәрдем қызметінің арқасында жарақат алғандарға сол жерде алғашқы көмек көрсетілген.

Андрей Маркин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік директоры:

Бұл құбырлар 1994 жылы орнатылған. Кепілдік мерзімі 35-50 жылға дейін. Сондықтан мұны техникалық апат деуге келмейді. Газ құбырына қосымша қызмет көрсетіліп жатқанда жарылыс болған. Оның себеп салдары анықталып жатыр. Ал зардап шеккен жұмысшыларымызға компания барлық қажетті көмектерді көрсететін болады.

Бұл ірі өндіріс ошағында соңғы екі күнде болған екінші қайғылы оқиға. Кеше комбинат аумағында мердігер мекеменің жұмыскері қаза тапты. Ол тепловоздың астына түсіп қалған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Станислав Сытник, Индустриялды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Қазір комиссия құрылып жатыр, оның құрамында компания өкілдері, кәсіподақ мамандары мен біздің департамент қызметкерлері бар.Зерттеу жұмыстары ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жүргізілетін болады. Жіті бақылауға алынды.

Бүгінгі оқиғаға байланысты алты адамның денсаулығына зиян келтіргені үшін еңбекті қорғау ережесінің бұзылу бабына орай қылмыстық іс қозғалды. 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top