USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Жастар саясаты жөніндегі министрлер Мәскеуде ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады

  • 359
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Жастар саясаты жөніндегі министрлер Мәскеуде ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады

Әлемнің әр түкпірінен келген жастар саясаты жөніндегі министрлер Мәскеуде ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

Жиынға Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты. Делегаттар заманауи әлемде адам дамуының проблемаларын қарастырып, осы саладағы жаһандық мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимылдар алгоритмін әзірледі. Министрлер кездесуі Сочидегі XIX Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Бұл ауқымды фестивальге қазақстандық жастар ұйымдарының өкілдері де қатысады. Министрлер кездесуінің қорытындысы – Facebook әлеуметтік желісінде жастар саясатына арналған министрлердің виртуалды хатшылығын құру. Ал Қазақстан тарабы ғылыми жобаларды және тәжірибе алмасуды жүзеге асыру бойынша серіктестікті дамыту қажеттігін айтып, ұсыныс жасады. Атап айтқанда, Еуразия жастарының ғылыми-зерттеу орталығын құру бастамасын көтерді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

– Қазақстанымыз жастар саясатында мол тәжірибе жинақтады. Осы озық тәжірибемен алмасу мақсатында министрлік кездесуге қатысып отырмыз. Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық келісім мақсаттарымен Елбасы осы бағдарламар аясында нақты жеке міндеттер қойды. Оларды орындау барысында жастар саясатын жетілдіріп жатырмыз. Тиісті инфрақұрылым құрылды. Нақты айтқанда, Жастар зерттеу орталығы ашылды.

Виталий Мутко, РФ Премьер-министрінің орынбасары:

– Форумда жастардың мүмкіндіктерін іске асыру жолдары талқыланады. Бұл туралы ортақ пікірлер қаралады. Менің ойымша, бұл бүкіл әлемдегі жастар үшін тәжірибе, білім мен пікір алмасу үшін үлкен пайда әкелмек. Осы алаңда біздің еуразиялық қауымдастықтың жұмысы нәтижелі әрі пайдалы болады деп үміттенемін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top