USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Елордада дарынды журналистерді еске алу кеші өтті

Елордада дарынды журналистерді еске алу кеші өтті

Астанада дарынды журналист-қаламгерлерді еске алуға арналған кеш өтті.

«Олардың есімдері біздің жүрегімізде» деп аталған жиында елорданың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан әділдік пен жақсылық жаршысы болып өмірден өткен 15 дарынды журналистің жетістіктері еске алынды. Көзден кетсе де көңілден кетпейтін Фариза Оңғарсынова, Дидахмет Әшімханұлы, Марат Аққұл, Смағұл Рахымбек сынды есімі елге етене таныс ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің еңбектері ерекше аталды. Өшпес із, өлмес мұра қалдырған тұлғалардың қазіргі қазақ қоғамы үшін де шоқтығы биік. Тағылым алар тартымды жиында талантымен талайды таңдай қақтырған тұлғалар жайлы бейнебаяндар көрсетіліп, естеліктер айтылды. Шараның басты мақсаты қайраткер-қаламгерлерді қадірлеп, жас ұрпаққа ұлықтау. «Бұл шара бір мезеттік шоу емес, азаматтық парыздан туған тың идея», – дейді мамандар. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде