USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Еңбек кодексін елемегендер ескерту алды

  • 1718
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Еңбек кодексін елемегендер ескерту алды

Жұмыс уақытынан тыс қызмет ету дерегі Білім және ғылым мен Әлеуметтік қорғау министрліктерінде ең көп тіркелді.

Бұл мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері әдетте жұмыс орындарында белгіленген нормадан бір-екі сағат артық отыратыны анықталды.

Тіпті түн ортасына дейін жұмыс істейтіндер бар. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осындай заңбұзушылықты анықтады.

Еңбек кодексін Астана қаласының әкімдігі де елей қоймайды. Жүргізілген рейд барысында мемлекеттік қызметкерлерге ауызша ескерту жасалды.

Равиль Төлебаев, ҚР МҚІСЖҚІА департамент директоры:

Заң бәріне ортақ. Жұмыс уақытынан тыс қалып, жұмыс жасауға тыйым салынған. Яғни олар заңмен белгіленген тәртіппен қалу керек. Басшылар өздерінің бұйрықтарымен қалдыруға құқылы. Жұмыстан тыс қалдыру шектелген заңмен. Яғни күніне екі сағаттан аспауы тиіс. Жұмыстан тыс қалып, артық жұмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметкерге ақылы ретінде немесе артынан демалыс күндерін беру арқылы өтелуі тиіс.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top