USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елімізде картоп бағасы тұрақталды

  • 206
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елімізде картоп бағасы тұрақталды

Биыл Қазақстанда картоптың қымбаттап кетуіне дақылдың Өзбекстанға көп экспортталуы себеп болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жағдайды бүгін осылай деп түсіндірді. Ал қазір Ташкентте өз өнімдері пісіп жатқандықтан, Қазақстаннан картоп сатып алуға сұраныс азайған. «Енді баға біраз тұрақталады», дейді мамандар. Мысалы, бүгін Астанадағы көтерме сауда базаларында оның орташа бағасы 95 теңгеден болды.

Вадим Семёнов, сатушы:

Бағаның өзгеруіне базарлардың еш қатысы жоқ. Картоп еккен шаруалар өнімді қанша шығарады, бәрі соған байланысты. Қазір әркезде әрқалай болып тұр. Олар да кеткен шығындарын есептейді. Сол үшін арзанға бергісі келмейді.

Картоп бағасы қоймадан 70-80 теңгеден босатылады екен. Шаруалар бағаның осылай болғаны дұрыс дейді. Себебі жанар-жағармай мен автокөлік бөлшектерінің құны былтырғыдан қымбаттаған. Ал жауапты мамандар болса, қыстың күні картоптан таршылық көрмейміз деп отыр.

Қайрат Бисетаев, Қазақстан картоп және көкөніс өндірушілері одағының төрағасы:

– Картоп егетін үлкен шаруа қожалықтарының көлемі 500 мың тонна болатын өз қоймалары бар. Қазір олардың бәрі лық толып тұр. Мұның бәрі қазақстандықтарды мамыр айына дейін қамтамасыз етуге жетеді. Ал бағасы 120-130 теңге деңгейінде сақталып тұрса, онда құба-құп жағдай дер едім.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top