USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


East Wing компаниясы Ан-28 ұшақтарын қолданыстан уақытша шығарады

  • 103
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
East Wing компаниясы Ан-28 ұшақтарын қолданыстан уақытша шығарады

East Wing әуекомпаниясының Ан-28 ұшақтары қолданыстан уақытша шығарылады.

Азаматтық авиация комитеті адам шығынымен аяқталған соңғы әуе апатынан кейін осындай шешім қабылдап отыр. Уақытша шектеу Алматыдағы апат себебі анықталғанша сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қазан күні East Wing әуекомпаниясының Ан-28 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін 12 минуттан соң радардан жоғалып кетіп, ізінше апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан борттағы 5 адам да қаза тапқан еді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top