Латын әліпбиі білім беру жүйесінде үлкен мүмкіндіктер ашады
- 388
- Бейне

Латын қарпіне көшу үрдісі Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарына қосылуын тездете түспек.
Германиялық саясаттанушысы Маттиас Дорнфельдт біздің елдегі бастамаға қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл өзгеріс барлық салаға, оның ішінде білім беру жүйесіне де үлкен мүмкіндіктер ашады.
Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:
– Менің ойымша, латын қарпіне көшу – дұрыс қабылданған шешім. Бұл тұрғыда табысты мысалдар келтіруге де болады. Мәселен, 1928 жылы Түркия араб әрпінен латын жазбасына көшкен еді. Әзербайжанда да дәл солай. Бұл араб алфавиті мен кириллицаның түркі тілдерін жеткілікті дәрежеде көрсете алмайтынына дәлел болмақ. Ең маңыздысы жаңа реформа Қазақстанның озық 30 елдің қатарына ену мақсатын жеделдете түспек. Сондай-ақ бұл қадам шет тілдерін меңгеруді де жеңілдетеді. Әрі жас ұрпақтың сапалы білім алуына даңғыл жол ашады деген ойдамын.
Осы тақырып бойынша
- БҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларға домбыралар сыйға тартылды
- Ақтөбеде жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагері ашылады
- Қытайлық студенттер Мағжанның отты өлеңдерін оқыды
- Талдықорғандық азамат көне уақыттың жәдігерлерін жинауға өмірінің 40 жылын жұмсаған
- Алматы облысында латын графикасын үйрететін курс ашылады