USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Сунь Ли: ЭКСПО Қазақстан мен Қытай елдерінің достығын тағы бір сатыға көтерді

Сунь Ли: ЭКСПО Қазақстан мен Қытай елдерінің достығын тағы бір сатыға көтерді

Қазақстанның «жасыл бастамалары» аймақта көш ілгері.

ЭКСПО көрмесіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы павильонының атқарушы директоры болған Сунь Ли тілшімізге берген сұхбатында осылай деді. Оның пікірінше, Астана көрмесі «Болашақтың энергиясын» жаһан жұртшылығына таныстыруда өз мақсатын сәтті орындады. «ЭКСПО-ның қатысушылар мен қонақтар  тарапынан жоғары баға мен жағымды пікірге ие болуы соның дәлелі», – дейді ол.

Жасыл технология саласындағы үздік жаңалықтар жарыққа шығып, келешекте адамзаттың игілігіне жарары сөзсіз. Сунь Ли: «Халықаралық шара екі ел достығын тағы бір сатыға көтерді», – деп есептейді. «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде «тақырыпты ашу» номинациясында күміс жүлдегер атанған Қытай павильонын жарты миллон адам тамашалаған. 

Сунь Ли, ШЫҰ павильонының атқарушы директоры:

– ЭКСПО мен үшін қуатты елге тән мінез бен ақжарқын пейілдің көрінісі болды. Осы маңызды шара арқылы Қазақстан өзінің жасыл энергетиканы дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Әлем жұрты қазақ елін жақыннан танып, мәдени құндылықтарына қанықты деп ойлаймын. Мен қанша жерде болсам да, соның ішінде Астана маған үлкен әсер қалдырған қаланың бірі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде