USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елімізде зейнет жасымен қатар зейнетақы да артады

  • 1273
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елімізде зейнет жасымен қатар зейнетақы да артады

Келер жылдан бастап Қазақстанда зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен ұлғайту жобасы басталады.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін зейнетке шығып қойғандарға қатысты да жаңа механизмдер іске қосылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгін Алматыда әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралау барысында мәлімдеді. Министр «бұл өзгерістер қазақстандықтардың зейнетақы салымдарын ұлғайтуына жаңа мүмкіндіктер береді», – дейді. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балаларға, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілетін үш түрлі әлеуметтік төлем енді біріктіріледі. Нақтырақ айтсақ, қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік төлем енгізіледі және оның көлемі де артады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

- Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін, басқа да әлеуметтік көмектерді алу үшін үш түрлі құжатпен үш түрлі мекемеге баратын болса, енді тек бір мекеме – Жұмыспен қамту орталығына баруы керек деп айттық. Бұл көмектің көлемі қазіргі үш көмектің жалпы көлемінен жоғары болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top