USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Атырауда қоқыс жәшігінде жатқан сәбиді ер адам құтқарып қалды

  • 1118
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Атырауда қоқыс жәшігінде жатқан сәбиді ер адам құтқарып қалды

Белгілі болғандай, Атырауда 7 қараша күні сағат 00:30 шамасында қоқыс шелегінен жаңа туған нәресте табылған еді.

Абырой болғанда, қоқыс төгуге шыққан ер адам нәрестені құтқарып қалды. «Мой ГОРОД» порталына сұхбат берген Атыраудағы «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны сол күнгі оқиғаны қайта есіне алды.

«Мен мұқият тыңдап тұрып, балалар айтқандай, мысықтың дауысы емес екенін бірден аңғардым. Одан кейін телефонымның жарығын қосып, қоқыс қапшығынан шығып жатқан сәбидің дауысын естідім. Қоқыстан баланы алып шықтым. Үсті қанға малынған екен. Кіндігі де кесілмеген. Сәбиді күртешеме орап, үйге алып келдім. Әйелім оны құшағына басып, жылытуға тырысты», – дейді «Нұрсая» шағын ауданындағы 64-ші үйдің тұрғыны. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top