USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен толтырады

  • 237
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен толтырады

Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізімі жасақталды.

Аймақта алғаш болып Сырдария ауданының жол-патрульдік полиция инспекторлары жаңа қондырғыларды қолданысқа енгізді. Бұған дейін хаттама, қаулылар қағаз жүзінде жүргізілетін. Ал ол бюджеттің қыруар қаражаты мен адам күшін қажет етеді. Енді бұдан былай жол сақшылары арнайы планшет пен принтер арқылы хаттама көшірмесі мен айыппұл түбіртегін құқықбұзушыға табыстап жібереді. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жаңа жүйе қағазбастылық пен парақорлықтың алдын алуға да септігін тигізеді.

Асхат Тәженов, Сырдария ауданының прокуроры:

– Планшетке теріп басылғаннан кейін барлығы бірден құқықтық статистика комитетінің базасына, есебіне тіркелетін болады. Қызметтік жалғандық жасау және басқа да бұрмалау әрекеттеріне жол бермеу, яғни деректердің алдын алу бағытында үлкен септігі зор деп есептейміз. Барлық жол-патрульдік экипаж қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторларын қамту көзделуде.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top