USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Енді туроператорлар жазатайым жағдайда шығынды өтеп беруге міндеттеледі

  • 208
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Енді туроператорлар жазатайым жағдайда шығынды өтеп беруге міндеттеледі

Елімізде туристерді сақтандыру жүйесі өзгереді.

Бұдан былай турагенттіктер мен операторлар шетелге демалушыларды өздері сақтандыруы керек. Туристік пакет аясында шығынды өтеуге міндеттеледі. Заң жобасын таныстырған Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов міндетті сақтандыру қолжетімді болатынын айтты. Осылайша шетелде демалысын өткізетін қазақстандық қосымша сақтандыруға шығындалмайды. Күніне 1 доллар немесе 340 теңге төлесе жеткілікті. Ал жауапты туроператорлар жазатайым жағдайда 3 миллион мен 17 миллион арасындағы шығынды өтеп беруге міндеттеледі. Сондай-ақ жаңа заң жобасы аясында онлайн сақтандыруды енгізу көзделіп отыр. Осылайша тұрғындар офиске бармай-ақ, компаниялармен интернет арқылы келісімшарт жасай алады. Ең бастысы, сақтандыру қызметтерінің құны төмендеп, төлем жасау жеңілдейді.

Жанат Құрманов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

– Қазақстандықтарды шетелге жіберуші туристік компаниялар мен агенттіктер турпакетке міндетті сақтандыруды енгізуі керек. Қаржы оқыс оқиға бола қалған жағдайда демалушының ем-домына, елге келуіне секілді қызмет түрлеріне жұмсалады. Бұл жағдайда жолдаманың құны өсуі мүмкін. Бірақ мұндай тәжірибе өзге елдерде бұрыннан бар. Турист сақтандыруға күніне 1 доллар төлейді. Ал шетелге билетті өздігінше сатып алып, саяхаттайтындар өмірлері үшін өздері қам жеуі тиіс. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top