USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Орал қаласында 16 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

  • 689
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Орал қаласында 16 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы оң нәтижелер көрсете бастаған өңірлердің бірі – Орал қаласы.

Бүгінде мұнда 9 миллиард теңгеден астам қаржы тұрғын үй салуға, ал 2 миллиард теңге инженерлік-коммуникациялық желілер тартуға бөлінген.

Қазіргі таңда аймақта қанша адам  тұрғын үй кезегінде тұр? Шарапаты мол бағдарламаның жүзеге асырылу барысы қалай?  

Оралда тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың саны 18 мыңнан асты. 72 мыңдай тұрғын жеке жер телімін алу үшін кезекте тұр. Өзекті мәселені шешуге «Нұрлы жер» арқылы жалпы сомасы 11 миллиард теңге қаражат бөлінген. Осы қаржы есебінен жыл соңына дейін аймақта 280 мың шаршы метрдей тұрғын үй салынады. Қазір қаладағы барлық құрылыс кәсіпорындары толық қуатында жұмыс жасап жатыр.  

Жасұлан Мырзаболатов,  кәсіпорынның құрылыс бойынша директоры:

– Материалдардың 80-90 пайызы осы Оралдан, қасымыздағы облыстардан алып жатырмыз. Қазір каркасный бетонды құйып, бірінші, екінші қабатта тас қалап жатырмыз. Құрылыс материалдары бәрі бар, жұмыс график бойынша жүріп жатыр.

Алтынбек Қайсағалиев, қала әкімінің орынбасары:

– Орал қаласы бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатса, осы «Нұрлы жер»  бағдарламасы арқылы 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы 2017 жылдың соңына дейін аяқталады. Ол 2236 пәтер 130 мың шаршы метрді құрайды. Келесі 160 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосып, 16 жаңа үйдің құрылысы басталып, келесі жылы аяқтау жоспарда.  Қолжетімді баспананың барлығы кезектегі тұрған азаматтарға, әлеуметтік санаттың мүшелеріне және тұрғын үй жинақ банкінің салымшыларына берілетін болады.

Бағдарлама аясында тұрғын үйермен қатар 1145 жер телімін инженерелік-коммуникациялық желілермен қамту жоспарда. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталады. Жергілікті биліктің айтуынша, бағдарлама аясында жүзеге асатын жұмыстардың ауқымы әлі де кеңейе түспек.  

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top