USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


«Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

  • 70
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады Фото: Motor.kz

16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

«Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ № 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты бағдардың жүру сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес.

Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша. 

Сондай-ақ 16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – «Астана жұлдызы» стеласы бағытындағы № 18 бағдары бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top