USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


ҚазҰАУ-да «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды

  • 71
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
ҚазҰАУ-да «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай ұйымдастырылған көшпелі көрме аясында өтті.

Жаңа орталыққа еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы даму жолдары туралы жазылған 1500-ден аса кітап қойылған. Енді ондағы әдебиеттерді аграрлық университет студенттері ғана емес, қаладағы барлық жоғары оқу орнының жастары пайдалана алады. Сондай-ақ бүгін «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында аграрлық университетте халықаралық бағдарлама бойынша білім алып жатқан шетелдік студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамалары туралы өз ойларымен бөлісті.

Тілектес Есполов, ҚазҰАУ ректоры:

Елбасымыз аграрлық секторге, агроөндіріс кешеніне ерекше көңіл бөліп отыр. Біздің мақсат – әлем университеттерінің әр құрлығы, Америка, Еуропа, Шығыс Тынық мұхиты университеттерімен, 130 белді ғылыми орталықтарымен байланыса отырып, елімізге жаңа технологияны, жаңа техниканы, жаңа идеяларды, жаңа инновацияларды тартып, еліміздің агроөндіріс кешенін дамыту. Бәсекеге лайықты, ертең әлем нарығына экспортқа шығаратын азық-түлік ол тек қана болашақ жас мамандардың қолында.

Ли Сюе Хуа, ҚазҰАУ 3-курс студенті (ҚХР): 

Мен Қытай елінен келдім. Меніңше, жаңғыру бұл – технологияны дамыту, осы бағытта көп еңбектенуіміз керек. Көп университет ашып, студенттерді ғылымға баулу керек.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top