USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

«Рухани жаңғыру» ақпараттық порталының пайдасы артып келеді

«Рухани жаңғыру» ақпараттық порталының пайдасы артып келеді

«Рухани жаңғыру» ақпараттық порталының танымдық тұрғыда пайдасы артып келеді.

Оған еліміздің киелі жерлері, дәстүрі мен мәдениеті және басқа да теңдессіз құндылықтары жайлы жүздеген материал орналастырылды. Порталды қолданушылар ғылыми тақырыптағы фильмдерді 6 тілде тиісті дубляжбен және субтитрімен тамашалай алады. Сондай-ақ латын қарпіне көшуге байланысты өз пікірлерін жазып, ұсыныстарын жөнелтуге мүмкіндік бар. Ғаламтор ресурсы Елбасының «Болашаққа бағдар» мақаласының негізгі 6 бағытын қамтиды. Дәлірек айтқанда, «Туған жер», «Қазақстанның заманауи мәдениеті», «100 жаңа оқуылық», «Латынға көшу», «100 жаңа есім» және «Киелі жерлер» атты бөлімдер бойынша ақпарат таратылады. Оған қоса ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен мәдени шаралардың аңдатпасы жария етіледі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде