USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қарағандылықтар МӘМС қорына 18 млрд теңгеден астам қаражат құйған

  • 346
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қарағандылықтар МӘМС қорына 18 млрд теңгеден астам қаражат құйған

Қарағанды облысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден көш бастап тұр.

Республика бойынша соңғы төрт айда қорға 18 млрд теңгеден астам қаражат құйылған. Оның 10 пайызын қарағандылық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын ең алдыменен мемлекет бақылайды. Мемлекеттік бақылауды Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады. Осылайша Қор тоқсан сайын 9 есептік формасын ұсынып, толық тексерістен өткізіледі.

Бақыт Көшерова; ҚММУ проректоры:

Тәуелсіз аудитті аудиторлар өткізеді. Олардың қорытындысын осы қордың сайтында көруге мүмкіншілік бар. Үшінші – корпоративтік бақылау, бұл бақылауды директорлар кеңесі өткізеді. Директорлар кеңесі еңбекақы, штат кестесін және қордың ішкі құжаттарын бекітеді.

2017 жылдың 4 айында қорға жиналған қаражаттың 85 пайызын жұмыс берушілер, ал 20 пайызын жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшартпен қызмет ететін азаматтардың төлеген.

Бақыт Көшерова; ҚММУ проректоры:

– Қор – коммерциялық емес акционерлік қоғам, оның жалғыз құрылтайшысы және акционері – Үкімет. Қордың қызметі заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Сатып алу ережелері мен тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Қордың даму жоспары Ұлттық экономика министрлігінің талаптарына сәйкес құралады.

Айта кету керек, қорға жарна төлеуден әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың 15 санаты босатылды. Олар - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жүкті әйелдер және мүгедектер мен зейнеткерлер. 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top