USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Шетелдік жоғарғы оқу орындарымен байланыстың арта түсуіне ЕХРО 2017 көрмесінің септігі тиген

  • 81
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Шетелдік жоғарғы оқу орындарымен байланыстың арта түсуіне ЕХРО 2017 көрмесінің септігі тиген

Халықаралық шара барысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Миссисипи, Сан-Диего, Калифорния университеттерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге қол қойған.

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында жоғарғы оқу орнының ректоры Алтынбек Нұқұлы айтты. Келесі жылдың наурыз айында институттың бірнеше оқытушысы тәжірибеден өтуге АҚШ-тың Техас штатына аттанады.

Алтынбек Нұқұлы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры:

– Қазіргі уақытта біз «Ақсуфероқорытпа» зауытының өнеркәсіптік қалдықтарды терең өңдеуге арналған катализатор жасау бойынша жаңа жоба әзірлеп жатырмыз. Ол қытайлық ғалымдардың да қызығушылығын туғызды. Қазір олар бізге келіп, осы бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатыр.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық университеті де білікті маман даярлау жолында еңбектенеді. Жоғарғы оқу орнының ректоры Сейітбек Қуанышбаевтың айтуынша, үш тілді оқу жүйесіне орай ұстаздар даярлық курстарынан өткен. Ал ЕХРО 2017 көрмесі студенттердің белсенділігін арттыра түсті. Қазір институтта қолға алынған 15 жобаның бірі жүзеге асуға дайын. Білім мекемесінің Словакия мен Ресей Федерациясы университеттері арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асыратын жобалары да бар.

Сейітбек Қуанышбаев, Ы.Алтынсарын атындағы Арқалық МПИ ректоры:

– Біздің Арқалық қаласының орналасқан жері жел энергетикасын қолдануға өте ыңғайлы. Себебі желдің екпіні басым. Сондықтан ғылыми жобалардың ішінде біздің профессорымыз Үмбетовтың өзі студенттермен бірге желдің пайда болу тәсілін айта отырып, сол бағытта ғылыми жобалар және оның тиімділігіне тоқталып отыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top