USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Таразда «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» атты облыстық ата-аналар форумы өтті

  • 163
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Таразда «Рухани жаңғыру – отбасынан басталады» атты облыстық ата-аналар форумы өтті

Басқосуда балаларға тәлім-тәрбие беру, отансүйгіштікке үйрету, ата-ана мен бала арасында тығыз байланыс орнату мәселелері сөз болды.

Бұл бағытта жиынға арнайы шақыртылған ұлағатты ұстаздар, еңбек ардагерлері, өнер мен мәдениет майталмандары жиналғандарға өздерінің өмірлік тәжірибелерінен сыр шертті. Кездесу еркін форматта ұйымдастырылғандықтан, қатысушылар өзара пікір алмасып, әңгімелесуге мүмкіндік алды. Форум соңында облыстағы бүкіл ата-аналарға үндеу жолданып, саналы ұрпақ өсіру үшін әр шаңырақта ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап отыру қажеттілігі айтылды.

Эльмира Мырзағали, облыстық ата-аналар кеңесінің төрайымы:

– Мұндай басқосулар міндетті түрде осы жиынға келген ата-аналарға тамшыдай болса да ой салады. Бұл ата-аналар өз аудандарына барып, осы жерде болған идеяны таратады деп ойлаймын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top