USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильді қосымша өз жұмысын бастады

  • 117
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильді қосымша өз жұмысын бастады

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі жандар енді өздеріне қажетті барлық ақпаратты үйден шықпай-ақ электронды түрде ала алады.

Бұл үшін аймақта «Инва-Көмек» деп аталатын мобильді қосымша мен сайт өз жұмысын бастады. Ол арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы мәліметтер, мүгедектерге арналған бос жұмыс орындары мен көрсетілетін көмек түрлері туралы білуге болады.

Ал өңірдегі шаруа қожалықтары болса саладағы барлық жаңалықпен «Жамбыл агро» мобильді қосымшасы арқылы танысатын болды. Онда субсидия алудың тәртібі, мемлекеттік қолдаудың өзге де тетіктері туралы толық ақпар бар. Сондай-ақ онлайн режімінде көкейкесті сұрақтарға жауап алуға да болады. Бұл қосымшалар облыс прокурорларының бастамасымен қолға алынып отыр.

Қайсар Бекмұратов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Қазір бұл қосымшалар жұмыс істеп тұр. Оларды ұялы телефонға оңай жүктеп алуға болады. Азаматтарға өте қолайлы деп есептейміз. Тұрғындардан ұсыныстар түсіп жатса, өзгерістер енгізіп, қосымша бөлімдерді де енгізуге дайынбыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top