USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

СҚО-да жыл басынан бері 153 жол-көлік оқиғасы тіркелген

СҚО-да жыл басынан бері 153 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Салдарынан 33 адам қайтыс болып, 190-ы жарақат алды.

Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында Петропавлда «Қауіпсіз жол қозғалысы» апталығы шеңберінде арнайы автошеру ұйымдастырылды. 50-ге тарта көлік шаһардың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Айта кету қажет, аталмыш шара Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған жоба аясында жыл сайын өткізіледі. Осылайша сақшылар тұрғындарды қозғалыс ережелерін сақтауға үндеді. Автошеру соңында полиция қызметкерлері көлік апатынан қаза тапқандарды еске алып, көкке шар ұшырды.

Шәмшиден Ақышев, қалалық ІІБ ЖПҚ басшысының орынбасары: 

- Осы қаланың ішінде жүрген автокөлік жүргізушілерінің нақты жүріп, ұқыпты жүріп және жол қозғалысы оқиғасы кезінде байқап жүруі және абайлап жүруі үшін өткізіп жатырмыз. 2016 жылға қарағанда 2017 жылы жол қозғалысы оқиғасы 10-15%-ға төмендеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде