USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Оралда студенттердің шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті

  • 94
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Оралда студенттердің шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті

Оралда «Жаңа толқын-2017» атты студент жастардың облыстық шығармашылық фестивалі аяқталды.

Шараға қаладағы түрлі жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 400-ден астам дарынды жас қатысты. Олар хореография, вокал, шешендік өнер, режиссура сынды аталымдар бойынша өзара шеберлік байқасты. «Мұндағы мақсат – студент жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқу орындарының бірінші курс студенттері мен шығармашыл топтары арасында достық байланыс орнату, дарынды орындаушылар мен ұжымдарды анықтау», дейді ұйымдастырушылар.

Мадияр Аруманов, байқауға қатысушы:

– Бұл байқауға өзімнің төл туындым, «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Атамекен» саласы бойынша өзімнің жерімнің, Қазақстанның барлық облысын қамтып, солардың әрбір тасының, әрбір жерінің бізге құндылығы, солардың қасиеттілігін дарыту үшін, соны халыққа көрсету үшін «Байтақ далам» атты рухани-патриоттық шығармамды алып келіп отырмын.

Асхат Өкшебаев, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы: 

– Облысымызда 38 арнаулы оқу орны, 4 жоғарғы оқу орны болса, 39 мыңнан астам студентіміз ЖОО-да және 18 мыңнан астам арнаулы оқу орындарында студенттеріміз бар. Міне солардың бастарын біріктіріп отыратыны – студенттердің шығармашылық ұйымдары. Осы шығармашылық ұйымдардың дамуы еліміздің дамуымен тепе-тең деуге болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top