USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



«111» сенім телефоны дүниежүзілік Child Helpline желісіне қосылуы мүмкін

  • 1188
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
«111» сенім телефоны дүниежүзілік Child Helpline желісіне қосылуы мүмкін Фото: zhambylnews.kz

Еліміздегі 7 мыңға жуық бала «111» сенім телефонына хабарласып, көмек алды.

Сондай-ақ 100-ден астам бүлдіршіннің өміріне төнген қауіптің беті қайтарылды. Бұл Дүниежүзілік бала күніне арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» конференциясында мәлім болды. Мәжіліс депутаты әрі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, көмекке жүгінген жеткіншектің барлығына моральдық және психологиялық қолдау көрсетілген. Алдағы уақытта сенім телефонын дүниежүзілік Child Helpline желісіне қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Дүниежүзілік балалар күні – БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1954 жылы жариялаған мереке. Ассамблея 1959 жылы 20 қараша күні Балалар құқығы туралы декларациясын қабылдады. Ал еліміз Балалар құқығы туралы конвенцияны 1994 жылы мақұлдады.

Зағипа Балиева, Парламент Мәжілісінің депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл: 

– Өңірлерден 320 бүлдіршін келді. Барлығы конференция жұмыстарына атсалысады. 13 тақырыптық диалог алаңдары қарастырылған. Ол жерлерде балалардың өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік береміз. Пікірталастар бала және әділдік, бала және экология, кәсіпкерлік, білім беру және денсаулық сақтау тақырыптары бойынша жүргізіледі.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top