USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қостанайда сотталғандар жақындарымен бейнебайланысқа шықты

  • 128
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қостанайда сотталғандар жақындарымен бейнебайланысқа шықты

Қостанайда құқық қорғау қызметтері орталығында онлайн режимдегі ашық есік күні өтті.

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған шарада Құсмұрын түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер бостандықтағы туған-туыстарымен бейнебайланысқа шықты. Бүгінгі ашық есік күнінде бес азамат темір тордың ар жағындағы жақындарымен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Олардың әрқайсысына 15 минуттан уақыт берілген. «Жаңашыл қадам жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқығы бұзылмауын қадалағайды. Әрі сотталғандардың тәртібінің түзелуіне де оң ықпал етеді. Сонымен қатар олардың туған-туыстары үшін де тиімді. «Өйткені облыстағы түзеу мекемелері өңірдің көптеген тұрғындары үшін тым шалғай орналасқан», – дейді игі шараны ұйымдастырған облыстық прокуратура қызметкерлері.

Марат Сматов, облыс прокурорының орынбасары: 

- Арқалықты білесіздер, алты жүз шақырым. Мына жағында Жетіқара, оны әрбір азаматтың қалтасы көтермейді. Материалдық қиындықтар туындайды. Және олардың шағымдануына тыйым салуы да мүмкін. Азаматтар бір-бірімен тең құқылы, осы мақсатта бүгінгі бейнебайланысты қабылдау өткізіп жатырмыз. Егер осы шаралар жүзеге асып, оң нәтиже беріп жатса, жалғасын табады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top