USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



«Отау ТВ»: 55 арна ақылы болуы мүмкін

  • 587
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
«Отау ТВ»: 55 арна ақылы болуы мүмкін

«Отау ТВ» спутниктік телевизиясының пакетіндегі тегін 55 арна ақылы болуы мүмкін.

Себебі «Қазтелерадио» акционерлік қоғамына кіретін «Отау ТВ» желісі жекеменшік компанияға сатылмақ. Бүгін Сенат депутаты Дариға Назарбаева палатының жалпы отырысында осы мәселені көтеріп, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, 1 млн абоненті бар кәсіпорын республикалық бюджет есебінен ашылды. Назарбаева болашақта мұндай шешім телевизиялық пакеттердің қымбаттауына әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтып, өз алаңдаушылығын білдірді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

- Ауыл жақтарға біздің телерадио стансаның сигналдары жетпейді. Ол жақта көршілеріміздің телеарналары, пираттық тарелкалар. Осы мәселені шешу үшін, қауіпсіздігімізді ойлағандықтан, үкімет кезінде «Отау ТВ» дегенді құрған. Біздің естіп отырғанымыз, жекеменшік компанияға берілейін деп отыр. Неге ондай шешім қабылданды? Үкіметтен жауап күтеміз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top