USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



2017 жылғы желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

  • 869
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
2017 жылғы желтоқсанға арналған ауа райы болжамы NExplorer

Алдын ала болжам бойынша айдың бірінші онкүндігінде антициклонның ықпалы салдарынан еліміздің барлық аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз болып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасы батыста түнде 2-12 градус аяз, күндіз 2-3 градус жылы болады.

Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 10-20 аяз, күндіз 2-10 градус салқын болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде айдың басында циклон ықпал етіп, жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ сақталады. Ауа температурасы онкүндік бойы түнде 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға, күндіз 0-5 градус аяздан 0-8 градусқа дейін жоғарылайды.

Ұзақ мерзімге болжам бойынша екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқындары болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа массаларының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндіктің соңында қарқынды салқын күтіледі.  Ауа температурасы түнде 25-35 градус аязға, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық мәндерге жақын болады, тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мөлшерден төмен болады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында мөлшерден көп, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында және де Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда мөлшерден аз болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top