USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Атышулы видеода баланы тепкен ер адам мемлекеттік қызметкер болып шықты

  • 891
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Атышулы видеода баланы тепкен ер адам мемлекеттік қызметкер болып шықты

Бішкекте түсірілген атышулы видеода баланы тепкен ер адам мемлекеттік қызметкер болып шықты.

Еске салайық, қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары Facebook желісінде және Instagram желісінде танымал топтарда жарияланған видеоны қызу талқылап жатыр. Ер адам Соқылық мемтіркеу басшысының орынбасары болып шықты. Оның аты-жөні Бериер Адиев. Бұл мәліметті органның баспасөз қызметіндегілер растаған. Олар таратқан хабарға сенсек, мемтіркеу басшысы ер адамды жұмыстан шығару туралы тапсырма беріпті. Портал Қырғыз Республикасы Әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасай отырып, Адиевтің әйелі Асель Эржанованың өз күйеуін ата-ана құқығынан айыруды талап еткенін хабарлады. Әйелдің өзі бұл оқиға жайлы жаңалықтардан біліпті. Баласы Елхан отбасында жалғыз ұл екен. Келесі жылдың наурызында бала үшке толады.

«Шешесі күйеуінің балаға мұның алдында қол көтермегенін және ешқандай агрессия танытпағанын айтты. Туыстары ер адамға байсалды деп мінездеме берген. Асель Эржанова күйеуінің не себепті балаға мұндай қорлық көрсеткенін түсіне алмағанын мәлімдеген. Сондықтан әзірше ешкімді де кінәлағысы келмейді, бірақ оны бәрібір ата-ана құқығынан айыруды талап етті», деп хабарлады ведомстводағылар.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top