USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Ташкентте «Қазақстан мен Өзбекстанның өткені, бүгіні және жарқын болашағы» атты кездесу өтті

  • 61
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ташкентте «Қазақстан мен Өзбекстанның өткені, бүгіні және жарқын болашағы» атты кездесу өтті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырмалдық байланыс одан ары нығая бермек.

Биылғы жылдың өзінде екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бауырлас мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орай біздің елшіліктің ұйымдастырумен өткен басқосуда айтылды. «Қазақстан мен Өзбекстанның өткені, бүгіні және жарқын болашағы» атты кездесуде зиялы қауым өкілдері мен дипломаттар қос ел президенттерінің ынтымақ пен берекенің Орталық Азиялық үлгісін қалыптастырғанын атап өтті. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан тұста екі мемлекет алғашқылардың бірі болып, бір-біріне қолдау білдірді. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс жаңаша қарқынға ие болды. Ұлы Жібек жолы бойындағы стратегиялық әріптес елдер арасында осы аралықта бұрын-соңды болмаған жаңа жобалар жүзеге асты. Қазіргі таңда елімізде 800- ге жуық Өзбекстанмен бірлескен кәсіпорын бар. Ал көрші елде қазақ инвесторларының қаржылай қолдауымен 200-дей өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта арта бермек. Өйткені екі елдің даму жобасы бір. Оған қоса қарулы күштер бірігіп, келесі жылы оқу-жаттығу жиынын өткізбек. Бұл өзара қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ алдағы жылдың Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп белгіленуі екіжақты байланыстың одан ары нығаюына сеп болмақ.

Бахтиер Исламов, Ташкент экономикалық университетінің профессоры:

– 25 жылда екі ел бірге үлкен жолды жүріп өтті. Әрине, ол жеңіл емес ауыртпалығы мол жыл. Біздің экономикамыз етене сабақтасып жатыр. Бірін-бірі толықтыра түседі. Бір-бірімізбен бәсекелес елдер емеспіз, қайта бір-бірімізді толықтырып отырамыз. Бұл жүйе болашақта экономикалық байланысымызды жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.

Ерік Өтембаев, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісі: 

– Бұндай жетістіктер болмаған шынын айтқанда 2017 жылы осы жетістіктеге нақты табыстарға толы жыл болды. Қазақстан мен Өзбекстан жасап жатқан инвестициялық жобалар өте үлкен. Себебі 2017 жылы жасалған жұмыс ол салада нақты болды. Биылғы жылы 30 пайызға дейін екі елдің арасындағы қарым-қатынас және сауда инвестициялық шараларда осындай үлкен жетістіктер бар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top