USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Елімізде «Виртуалды қойма» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Елімізде «Виртуалды қойма» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Тұтынушылар мен мемлекеттік органдар елге әкелінетін тауарларды сату-сатып алу үдерісін онлайн түрде бақылайтын болады.

Виртуалды қойма деп аталған жаңа бағдарлама бүгін Астанада өткен IOT форумында жұртқа таныстырылды. Жүйенің арқасында бірыңғай сауда алаңын ашуға болады. Оның ішінде тауардың бағасы мен барлық қажетті ақпарат жинақталады. Нәтижесінде Үкімет үшін мемлекеттік сатып алуларды жүргізу біраз жеңілдейді. Бұл бағдарлама еліміздегі цифрландыру бағытындағы ірі қадам. Басқосуға келген тараптар саладағы жаңа механизмдерді талқыға салып, келіссөз жүргізуге мүмкіндік алды.

Ануар Садықов, форум қатысушысы: 

– Қазір біз «Виртуалды қойма» бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Келер жылдың басында жүйе бизнес өкілдеріне қолжетімді болады. Кейін тұтынушылар да оған қосылып, өзінің жеке кабинеттерін аша алады. Электронды есеп фактураларды да осы жерден алуға мүмкіндік бар. Ел аумағына кіргізілген әрбір тауар жайлы ақпарат жүйеде тіркеледі. Бағдарлама тегін. Оны пайдалану үшін тек электронды цифрлы қолтаңба қажет.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде