USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Астанада «Жаңғыру мен дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері» атты жиын өтті

  • 76
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Астанада «Жаңғыру мен дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері» атты жиын өтті

Үшінші жаңғыру үдерісі Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосуды көздейді.

Қазір жаһандану кезеңі. Жер шарында үлкенді-кішілі 260-қа тарта мемлекет бар. Оның 200-ге жуығы тәуелсіз ел. Жаһандану үдерісі бәсекеге қабілетті емес мемлекеттерді тарих сахнасынан тайдыруы мүмкін. Әлеуметтік экономика және саясат институты сарапшыларының айтуынша, жаңғыруды іске асыруда осы үдерісті басынан өткерген мемлекеттердің тәжірибесін ескеруіміз керек. Атап айқанда, Жапония мен Оңтүстік Кореяның сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттерінің бастамаларына да сараптама жасалады. Бұл жайында «Жаңғыру мен дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері» атты жиында айтылды.

Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

– Бүгінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан модернизациялық процестерді сараптау барысында міндетті түрде тарихи сана факторын ескеруіміз керек. Тарихи сана кез келген халықтың кез келген қоғамда үлкен біріктіруші күшіне ие. Сондықтан модернизация аясындағы бүгінгі іс-шарамыз Қазақстанның ұлттық жолын, жаңа бір белесін анықтау үшін жасалып отыр. Қазақстанның қоғамдық санасын модернизациялаудағы тарихи сананың рөлін зерттеуге тырысамыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top