USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Д.Мыңбай келісім кеңестерінің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесін баяндады

  • 72
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Д.Мыңбай келісім кеңестерінің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесін баяндады

Әлеуметтік мәселелерді реттеуге қоғамдық келісім кеңестері жан-жақты атсалысуы тиіс.

Бұл ретте Ассамблея өкілдеріне жергілікті билік қолдау көрсетуге міндетті. Бұл мәселе бүгін елордада өткен қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында көтерілді. Ассамблея Төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай келісім кеңестерінің қызметіне жүргізілген талдау нәтижесін баяндады. Оның айтуынша, кейбір аймақтарда өзекті мәселелер назардан тыс қалып, себеп-салдары халыққа кеңінен түсіндірілмей жатады. Егер түйінді түйткілді келісім кеңестерінде талқыланып, мәселенің анық-қанығына көз жеткізілетін болса, қарама-қайшы пікірлер қалыптаспас еді. «Себебі Ассамблея аясында жұмыс істейтін бұл кеңеске қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер мүше», дейді хатшылық меңгерушісі. Мәселен, Ақмола облысының Красный яр елді мекеніндегі емдеу орны жабылған кезде бұл шешімнің неліктен қабылданғаны және нақты себебі жергілікті жұрт үшін беймәлім күйде қалған.

Дархан Мыңбай, ҚР Ассамлея Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі: 

– Көкшетауда Красный яр деген селода белгілі бір Үкіметтің тарапынан қолданылып жатқан шаралар. Ол енді халықтың санына қарай оңтайландыру мәселесі бар. Бірақ оның өзін қоғамға, елге түсіндіріп айтса, мынау дұрыс, мынау дұрыс емес деп, сонда жұрттар жауап алып, сол жерде қалатын еді. Ал олар дұрыс жауап алмағандықтан, мемлекеттік органдарға хат жазған. Соның неге мына қоғамдық келісім кеңесіндегі неге қаралмағанын дұрыс емес деп атап көрсеттім.

Бекзат Алтынбеков, Жезқазған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

 

Мен өзім Жезқазған қаласында жүрген уақытта қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары өзі өзінің міндетін жалпы ішкі ережелерін түсінбейтін адамдардың отырғанына өзім көз жеткіздім. Сондықтан кез келген аудан басшылары болсын, мекеме басшылары болсын бұған жіті мән беруі керек. Қоғамдық келісім кеңестерінде жан-жақтағы, ауылдың барлық жердің ішкі жағдайын терең түсінетін адамдар болса, онда ол жерде ешқандай маңызды проблемалар азаятынына уақыт көз жеткізіп келе жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top