USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған конференция өтеді

  • 211
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған конференция өтеді

9-желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына Қазақстан 10 жылдан бері белсенді қатысады және осы уақытта ұлттық заңнама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында 59 жаңа заң қабылданды. Оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Ақпаратқа қол жеткізу», «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдар бар. Ол мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алғаннан бері 5 мемлекеттік бағдарлама іске асты. Бүгінде 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жұмыс істеп келеді. Озық елдердегідей жүйелі алдын алу тетіктері енгізілді. Қазақстан халықаралық әріптестермен ынтымақтастық шекарасын кеңейту барысында Франция, Испания, Италия, Түркия, Хорватия, Польша, Біріккен Араб Әмірлігі, Эстония және Латвия сынды 30 елмен өзара әрекеттестік туралы құжатқа қол қойды. Қазір барлық елдердің күн тәртібінде мемлекетке қашқын қылмыскерлер мен ұрланған активтерді қайтару тапсырмасы тұр. БҰҰ Конвенциясында бұл мәселе бойынша ынтымақтастық үшін құқықтық жағдай жасалды. Оның шеңберінде 174 мемлекет өзара әрекеттесіп жатыр. Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 8 желтоқсан күні дәстүрлі конференция өтеді. Онда қаралатын негізгі мәселелердің бірі қылмыскер деп танылған, алайда заңсыз жолмен миллиардтап тапқан қаражатымен шетелде жалтарып жүргендерді Қазақстанға қайтару туралы болмақ.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top