USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Ақтөбе облысында іске қосылған құрғату қондырғысынан газ өткізу көлемі артты

  • 99
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ақтөбе облысында іске қосылған құрғату қондырғысынан газ өткізу көлемі артты

Ақтөбе облысында қайта жаңартылған «Бозой» газ қоймасында салынған газ құрғату қондырғысы іске қосылды. Елді индустрияландыруға арналған телекөпір кезінде нысанды қосуға Елбасының өзі пәрмен берді. Бұл жоба мемлекеттік Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асты.

Қазақстандық газдың тұрақты тасымалын қамтамасыз ету үшін және оңтүстік өңірлерде газ тапшылығын болдырмау мақсатында «Бозой» жерасты газ қоймасы қайта жаңартылды. Ал мұндағы заманауи газ құрғату қондырғысы газдың сапасын арттырып, ылғал мен артық қоспалардан тазартып отырады. Телекөпір кезінде нысанды іске қосуға пәрмен берген Елбасы жобаның маңыздылығына тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

- Қысқы кезде оңтүстіктегі қазақтардың бәрі тоңып-жаурап, «қайдан газ аламыз» деп, бәріміз Үкімет болып, ел болып сұрап жүрдік. Мінекей, қазір содан шығу үшін біз бұл мәселені шештік. Мына құбыр өте қажет, тек ғана елді газдандыру емес, экспортқа шығатын газға ие болдық. Сол үшін барлық ризашылығымды сіздерге айтамын. Жақсылық тілеймін, еңбектерің табысты болсын! Жіберіңдер, қосыңдар!

Жаңа қондырғы іске қосылғалы газ өткізу көлемі тәулігіне 27 млн текше метрге дейін артты. Нысанның қуаттылығы 3 млрд текше метр газды құрғатып, өңдеуге жетеді. Жоба Ресей, Өзбекстан мен Қытайға тасымалданатын газ транзиті мен экспорттың көлемі ұлғайтты.

Мұқатай Шанбатыров, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары:

- Газдың сапасын халықаралық деңгейге көтердік. Сондықтан біз қазір Қытайға газ экспорттауға толық мүмкіндік алдық. Қазір енді қазан айынан бастап, бірінші шарт бойынша 5 млрд-қа дейін газ экспорттаймыз.

Құрғатылған сапалы газ «Бұқара-Орал» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырлары арқылы Ақтөбе мен оңтүстік өңірлерге үздіксіз тасымалданады. Әрі құрғақ газ өтетін құбырлардың қызмет ету мерзімі ұлғайды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина Болат Молдағалиев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top