USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Жылжымайтын мүлікті 50% жеңілдікпен сату жәрмеңкесін ұйымдастырушы прокуратураға шақыртылды

  • 172
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Жылжымайтын мүлікті 50% жеңілдікпен сату жәрмеңкесін ұйымдастырушы прокуратураға шақыртылды

Астана қаласының прокуратурасы Facebook желісінде жылжымайтын мүлікті 50 пайыз жеңілдікпен сату жәрмеңкесі (9-10 желтоқсан) өтетіні туралы деректі анықтады.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарының бұзылмауына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында жәрмеңке ұйымдастырушысы – «80/20 the new media» маркетинг агенттігінің директоры Ш.В.Айдар қала прокуратурасына шақыртылды.

Кездесу барысында ұйымдастырушыға қолданыстағы заңнамадағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың негізгі талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ құрылыс салушының үйді сатуға Астана әкімдігі немесе «Кепілдендіру қоры» АҚ рұқсаты қажет екендігі түсіндірілді. Соған сәйкес шарт тұрғын үй құрылысына қатысу туралы шарт деп аталуы тиіс. Мұнан өзге үлгілік нысанға сай емес шарттар заңмен жарамсыз деп танылады.

Ш.В.Айдарға «Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің сайтына жүктелген үлескер қаражатын тартуға рұқсаты бар 22 құрылыс салушының тізімі таныстырылды.

Кездесу нәтижесінде ұйымдастырушыға заңды түсіндіру түрінде прокурорлық реакция таныту актісі және Астана әкімдігінің заң бұзушылықты болдырмау керектігі туралы хабарламасы табысталды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top