USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Әсет Исекешев астаналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 335
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Әсет Исекешев астаналықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қазақстандықтарды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Бұл мереке халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраттарымен сабақтасып жатқанымен де құнды.

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық таңының атқанына биыл жиырма алты жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақытта еліміз Елбасымыздың көреген саясатының арқасында биік белестерді бағындырып, толайым табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз еліміз бен елордамыздың өсіп-өркендеуі, атқарылған іргелі істер – жетістіктеріміздің айқын айғағы.

Ел мерейін асқақтатқан ілкімді де игі жұмыстарға қарапайым азаматтардың да қосқан үлесі зор. Сондықтан, Тәуелсіздік күні шын мәнісіндегі жалпыхалықтық мереке. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, берекеміз баянды болғай.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!» делінген құттықтауда.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top