USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

Еліміздің басты мерекесін елордалықтар та мәре-сәре болып тойлап жатыр

Еліміздің басты мерекесін елордалықтар та мәре-сәре болып тойлап жатыр

Еңсесі биік егемен еліміздің ең басты мерекесін елордалықтар «Бәйтерек» монументі алаңында мәре-сәре болып тойлап жатыр.

Әсел Тұмашқызы, тілші:

- 16 желтоқсан – қазақ елінің тарихындағы ең қастерлі һәм қасиетті күн. Сондықтан болар елордамыздың басты символы «Бәйтерек» монументіне жиналған халықтың қарасы қалың. Бүгін тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғаныменосы сындарлы кезеңде ұлы дала төсінде ғаламат істер атқарылды. Тәуелсіздік күнін астаналықтармен бірге бас қалада атап өту үшін еліміздің әр өңірінен келген қонақтар келіп жатыр. Солардың бірі – Қаламқас апа. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мерекені қалай тойлап жатырсыздар?

Қаламқас /Қызылорда/:

- Өте жақсы. Біз Қызылорда қаласынан 220 мұғалім келдік. Қалалық мәслихат депутаттарының және білім қызметкерлерінің төрайымының қолдауымен 220 мұғалімге тегін жолдама берілді. Әрине, біз өте қуаныштымыз. Өркендеп, өсіп келе жатқан Астананы көрдік. Жастарды қолдаймыз. Тамаша концерт өтіп жатыр. Елімізде бақытты жастар көбейе берсін! Барша қазақстандықты Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміз өркендеп, өсе берсін!

Ұлтымыздың ұлы мейрамын елордада бірнеше жерде тойлап жатыр. Айта кетейік, бүгін түнгі 22:00-де Есілдің жағалауы мен Абылай хан және Пушкин көшелерінің қиылысындағы саябақта мерекелік отшашу болады. Көрермендер оны біздің арнамыздан тікелей эфирде тамашалай алады. Ендеше «Хабар 24» арнасы қосулы болсын! Қапы қалмай, естен кетпес ерекше сәттің куәгері болыңыздар! Ал мен қазақ елін осынау ұлы мерекемен құттықтаймын! Ашық аспанымызда көк байрағымыз желбірей берсін!

Хабар 24 әлеуметтік желілерде