USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Көкшетауда неке сарайы ашылды

Көкшетауда неке сарайы ашылды BNews.kz

Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Көкшетауда неке сарайы ашылды.

Бір жарым жылда бой көтерген нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Салтанат сарайы қазір облыс орталығының көркін келтіріп тұр. Жас жұбайларға да ыңғайлы. Бұрынғы АХАЖ бөлімі ескі ғимаратта орналасқан еді. Ал жаңа сарайда неке қию рәсіміне қажетті барлық жағдай жасалған. Нысанның ашылу рәсімінде отау тіккен 10 жас жұбайға облыс әкімі Мәлік Мырзалин неке куәлігін табыс етті. Ал жастар, әрине, қуанышты. Тіпті кейбірі неке қию рәсімінің күні мен үйлену тойын осы сарайдың ашылуына қарай белгілеген.

Жасұлан Тоқтаров, қала тұрғыны: 

- Біз өте қуаныштымыз. Осы күнді көп күттік. Жаңа сарай өте керемет! Дизайнерлер сәулеті мен сәніне біраз күш салғаны көрініп тұр. Бәрі әдемі. Осындай жерде неке қидырып отырған біз де бақыттымыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде