USD 327.92

EUR 398.12

РУБ 5.25

Қанат Бозымбаев АҚШ-тың мұнай-химия өнеркәсібі компанияларының басшыларымен кездесті

Қанат Бозымбаев АҚШ-тың мұнай-химия өнеркәсібі компанияларының басшыларымен кездесті

Қазақстан ядролық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесін құру идеясын қолдайды.

Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Вашингтонға сапар шеккен болатын. Қазақстан-Америка іскерлік қауымдастығы сонда қабылдау өткізіп, осындай мәлімдеме жасалды. Жиын Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен өтті. «Ядролық қауіпсіздіктің ғаламдық жүйесі құрылатын болса, халықаралық нормаларға сәйкес қарудың таралмауын бақылауда ұстап қана қоймай, оны тек бейбіт мақсатта қолдануға жағдай жасауға болады», – дейді мамандар. Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың қаңтар айында Вашингтонға сапармен баруы мүмкін. Бұл шара соның қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Қанат Бозымбаев Америка атом энергетикасы мұнай-газ секторы мен мұнай-химия өнеркәсібі компанияларының басшыларымен кездесті.

Ерлан Батырбеков, «ҚР Ұлттық ядролық орталық» РМК бас директоры:

– 2 реакторымызды жоғары байытылған отыннан төмен байытылған отынға ауыстырмақпыз. Қазір ИВГ мен ИГРА-ның прототиптері жасалып шығарылды. Жылу шығаратын екі құрылғыны ИВГ реакторында сынақтан өткізудің маңызды кезеңіне келдік. Үшінші сынақ сәтті өтті. Алда әлі 30-ы бар. Америкалық және ресейлік әріптестерімізбен бірге 2 жарым жылдан кейін ИВГ реакторларын төмен байытылған отынға көшіреміз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде