USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүзден астам отбасы баспаналы болды

  • 146
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүзден астам отбасы баспаналы болды

Қазақстан егеменді ел болғалы Жамбыл облысында 4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

Тек соңғы үш жылда 15 үй тұрғызылып, 1200-ден астам пәтер тапсырылған. Тәуелсіздік мерекесі күні «Нұрлы жер» бағдарламасымен тағы жүзден астам отбасы баспаналы болды.

Мұхит Қадірбердиев 10 жылдан астам уақыт бойы үй кезегінде тұрған. Мемлекеттік қызметкердің төрт бірдей бала-шағасы бар. Ол бүгінгі күнге дейін пәтер жалдап, кейде ата-анасының үйін жағалап келген. Оған мереке күні «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған тұрғын үйден баспана бұйырды.

Мұхит Қадірбердиев, қала тұрғыны:

– Тәуелсіздік күніне үлкен сыйлық болды. Қуанышты жағдай болып жатыр. Пәтерге қол жеткізіп жатырмыз. Осындай кезекте тұрған біз секілді азаматтарымыз жаңа үйге қолдары жете берсін деп тілейміз.

Биыл өңірде мемлекеттік «Нұрлы жер» жобасымен 4 үйдің құрылысы басталып, үшеуі пайдалануға берілді. Біреуінің құрылысы ауыспалы болғандықтан, келесі жылы тапсыру жоспарланып отыр. Жалпы осы жұмыстарға 1,5 миллиард теңге қаражат бөлінген. Айта кету керек, бұл баспаналар кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сатып алу құқығынсыз беріледі.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 9,8 миллиард теңге бөлініп, инфрақұрылымдары тартылып, 462 гектар жер Тараз қаласына бөлінді. Қазір Тараз қаласының халқына жер учаскелері беріліп отыр. Және ол жерде «Тараз сити» деген жаңа қала соғылмақ.

Ағымдағы жылы аймақта жалпы көлемі 320 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Бұл өткен жылға қарағанда, 37 пайызға артық.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейлхан, Руслан Ахатіллә 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top