USD 326.28

EUR 398.12

РУБ 5.30

Ақмола облысындағы Гранитный ауылында жаңа жылу қазандығы іске қосылды

Ақмола облысындағы Гранитный ауылында жаңа жылу қазандығы іске қосылды

Ақмола облысының Гранитный ауылында су жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Аталған нысан «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынған.

Құрылысына қазынадан 123 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Ал ауылға осыған дейін жылу беріп келген қазандық өте ескі болатын. Оның үстіне жекенің қолында. Сондықтан, елдімекен тұрғындары жылда жылудан таршылық көретін. Аталған ауылдың жылусыз отырғаны жайлы біздің де арнадан бірнеше мәрте көрсетілген еді. Енді ол күннің бәрі артта қалды. Жергілікті тұрғындар осылай дейді. Қазір жаңа жылу қазандығы осындағы 10 шақты көппәтерлі үй мен әлеуметтік нысандарға жылу таратып отыр. Бүгінде 500-ден астам халқы бар ауылдың болашағы зор. Жергілікті билік өкілдері осылай дейді. Себебі елді мекен қалаға жақын орналасқан.

Гүлнәр Қазиева, Гранитный ауылының тұрғыны:

- Былтырлары поселок Гранитныйда қазандық дұрыс істемей үй суық болды. Мектепте де, балабақшада да суық болды. Балалар тоңып, киініп жүрді. Үй де жылы қазір былтырға қарағанда. Батареялар бүкілі ыстық.

Серік Сабыров, Қонысбай ауылдық округінің әкімі: 

- Қазандық күші 30 мың квадратқа жететіндей жағдайы бар. Бірақ, бүгінгі күні 12 мың квадратқа жағылып жатыр. Неге десеңіз, осылай проект артығымен жасаған. Алдымызда осы ауылдың болашағы бар. Тағы да бір 5-6 үй бар 2 этажды іске сатып алып, капитальный ремонт жасап, болашақта қосамыз деп отырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде