369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британ-қазақ қоғамының басшысы елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 369
  • UPD: 15:39, 18.12.2017

Британ-қазақ қоғамының патроны, халықаралық сараптамалық «Фёст» журналының негізін қалаушы әрі басылым жетекшісі Руперт Гудман қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қоғам биыл өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Ал оның басшысы біздің ел жайлы ерекше құрметпен пікір білдірді.

Руперт Гудман, Британ-қазақ қоғамының патроны:

- Қазақстанның Тәуелсіздік күнінде өзімнің жүрекжарды лебіздерімді жеткізгім келеді. Сіздер аймақтағы ең маңызды мемлекетсіздер. Шыны керек, Біріккен Корольдік пен Қазақстанның қарым-қатынастары өте берік. Британ-қазақ қоғамы бұл әріптестікті одан әрі нығайту үшін барын жасайтын болады. Жасалған шаруа аз емес, келер жылға жоспарланғаны одан да көп. Оңды істерімізді алдағы уақытта да жалғастырғымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы