369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана орманы мекемесі құрылғалы 8 мыңнан астам қырғауыл жасыл белдеу орманына жіберілген

  • 881
  • UPD: 13:01, 06.01.2018
Астана орманы мекемесі құрылғалы 8 мыңнан астам қырғауыл жасыл белдеу орманына жіберілген astana.gov.kz

Астана орманы мекемесі Астана жасыл белдеуін  аң мен құсқа қолайлы ету үшін біршама жұмыс атқарып жатыр.

Соның бірі – Астана орманына қарасты қырғауыл фермасы. 

Ең бірінші Астана қаласының жасыл белдеуінде аңшылық қырғауылды жасанды өсіру және жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме алынған. Қырғауылдар аязға төзімді (түнде қарға оранып алады), олар күтімді аса қажет етпейді. Тек қана қысқы уақытта қосымша тамақтандыру қажет.

Табиғатқа жіберілген қырғауылдар қорегі өсімдік тағамдарынан - тұқымдар, жемістер, тамыр сабақтарынан және өсімдіктердің жасыл бөліктерінен тұрады, алайда мүмкіндік болса олар жануарлар азықтарымен, жәндіктермен және олардың балаңқұрттарымен, өрмекшілермен, құрттармен, ұлулармен қоректенеді. 

Астана орманы мекемесі 2010-2011 жылдары 125 қырғауыл сатып алып, оны көбейтумен айналысқан. Алты жыл ішінде инкубациялық жолмен жұмыртқадан 9883 бас қырғауыл шығарылып, оның 8483 басы жасыл белдеу орманына жіберілген.

Еркіндіктегі қырғауылдарға үнемі бақылау жүргізіледі. Қазіргі уақытта тор үйлерде 1340 қырғауыл бар. Келесі жылы орманға 1800 бас қырғауыл шығару жоспарлануда. 

Қырғауыл өсіру келесідей мәселелерді шешуге көмектеседі: зиянкес-жәндіктермен күрес (зиянкестерден қорғаныс биологиялық тәсілі), жасанды жасыл белдеу алқабын табиғи орман, жабайы табиғат жағдайы талаптарына барынша жақындату. Үшінші, Қазақстанда қырғауылдардың мекендеу ареалын кеңейту.

Жұмысшылар қырғауылдарға күніне екі мезгіл жем шашады. Бұл қырғауылдар биылғы балапандар. Жазда орманға жіберуге дайындап жатыр. 

Қырғауыл фермасында түрлі тұқымды қырғауылдар бар. Астана орманы қызметкерлері оларды шағылыстыру арқылы Сарыарқа ауа райына төзімді жаңа қырғауыл тұқымын шығармақ. 

Сонымен қатар орманшылар жабайы құстарға арнап қолдан ұяшықтар жасайды. 

Астана орманы мекемесінің бас агрономы Ардақ Қасеновтың айтуынша, қазір жасыл белдеуде қырғауылдан бөлек құр, бөдене құстары мекендейді екен. Біртіндеп жабайы құс пен аңдар да орманды мекендеуде.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы