USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Қазақ тілінің терминологиясын заман талабына сай қалыптастыру керек

  • 227
Қазақ тілінің терминологиясын заман талабына сай қалыптастыру керек

Қазақ тілінің терминологиясын заман талабына сай қалыптастыру керек.

Бұл мәселе Елбасы Жолдауында да назардан тыс қалған жоқ. Соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мыңға жуық жаңа термин ана тілімізге аударылған. Кезінде ұсынылып, бірақ бекітілмеген терминдердің көбі сынға ұшырады. Сондықтан аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарау қажет. «Бұл үшін Үкімет жанындағы терминологиялық комиссияның дәрежесін көтеру керек», дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:

– Біздің терминологиялық комиссиямыздың Үкімет жанындағы статусын көтеруіміз керек. Шынында да оны Үкіметтің басшысы басқару керек. Оның отырысының жиналыстарының кестесі жасалу керек. Оның жоспары болу керек. Және әлбетте ең маңыздысы терминология секциялары болуы керек. Кемінде 50 терминологиялық ірі секциялар болу керек. Ол жерде мамандар тілшілер терминологтар жұмыс істеу керек, ұсыныстарды талқылау керек. Одан кейін баспасөз беттеріне жариялау керек. Одан кейін бекіту керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде