369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттіктер проактивті тәсілдің тиімділігін көре бастады

  • 396
  • UPD: 13:24, 12.01.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында жас босанған аналар туу туралы куәлікті үйінде отырып-ақ алып жатыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының пилоттық жобасы арқылы бүгінге дейін 100-ден астам ана куәлікке оңай қол жеткізген. Жаңа жобаның іске қосылуына байланысты енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен фронт-офистерге, тіпті электрондық үкімет порталына да жүгінудің қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтер SMS-хабарлама арқылы беріледі. Проактивті қызмет түрін пайдаланған жас ана Анастасия Бердникова өз ұлына Тимофей деп ат қойыпты. Ол енді баласының туу туралы куәлігін проактивті тәсілмен алуды ұйғарып отыр.

Анастасия Бердникова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Мен ұлымды дүниеге әкелген күні маған СМС хабарлама келді. Онда мені ана атануыммен құттықтапты. Сосын келесі СМС келгенде арнайы сауалдарына жауап бердім. Барлық талаптарды орындаған соң, ұлымды тіркеуден өткіздім. Бұл қызмет маған ұнады. Қолдану да оңай.

Жандос Болатұлы, облыстық ХҚКО департаменті директорының орынбасары: 

- Проактивті қызметтің арқасында Мgov-қа тіркеліп, 30-ға жуық қызмет түрлерін алуға болады. Үйден шықпай-ақ. Бұлар: баланың туу туралы куәлігі, балабақшаға тіркеу, жөргек пұлдарын алу.

Хабар 24 телеарнасы